Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы “Детский мир -Казахстан», Көкшетау РИО 2429 ЖШС ұжымына «Аяз атаға хат» акциясы аясында Жаңа жыл қарсаңында балаларға тарту етілген сыйлықтар мен көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында балалар үшін Жаңа жыл мерекесі ерекше қуанышқа, сиқыр мен жылулыққа толы болды. Табыс етілген сыйлықтар балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, ғажайыпқа деген сенімін арттырды.
Сіздердің жанашырлықтарыңыз, әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз және балаларға қуаныш сыйлауға деген ниеттеріңіз зор құрмет пен ризашылыққа лайық. Мұндай игі істер балалардың жүрегінде жылы әсер қалдырып, қоғам үшін аса маңызды құндылық болып табылады.
Ұжымдарыңызға мықты денсаулық, амандық, табыс пен өркендеу тілейміз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!
Құрметпен мектеп басшысы Ольга Владимировна Бурдинская