Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін педагог қызметкерлердің аттестациядан өту тәртібін талқылауға арналған отырыс ұйымдастырылды.

30.01.2026

Бүгін педагог қызметкерлердің аттестациядан өту тәртібін талқылауға арналған отырыс ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «Ұстаз» цифрлық платформасын толтыру, сондай-ақ біліктілік санатына сәйкес портфолио қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ольга Михайловна Самосенко және жүйелік әкімші Роза Акылбаевна Муканова аттестациялық үдерістің кезеңдерін, платформаға материалдарды орналастыру талаптарын, портфолио құрылымын және оны рәсімдеу барысында жиі кездесетін қателіктерді жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ұсынылған құжаттардың нормативтік талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Отырыс барысында қатысушылар практикалық кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды және аттестациялық рәсімдердің мерзімдерін талқылады.

Просмотров: 75


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст