30.01.2026
Бүгін екінші бөлімшенің жоғары сынып оқушылары қыстың ғажайып әлеміне және қысқы қызықтарға толы ерекше саяхатқа аттанды. Олар жылдың ең сиқырлы, ең ертегідей мезгілі- қысқа арналған «Сөз шебері. Қыс» атты байқауға қатысты.
Оқушылар үлкен ықыласпен өнер көрсетті: қыс туралы өлеңдерді анық, әсерлі дауыспен оқып, поэтикалық жолдардың көңіл күйін, әсемдігін жеткізуге тырысты. Әрбір орындау жылылық пен шабытқа толы болды.
Жүргізуші педагог Дильназ Сарсембаевна Кошербаева көрермендер мен қатысушыларды «Қар үйінділері, қар ұшқындары, мұз сүңгілері» мен «Иә- жоқ» ойындарына тарта отырып, мерекелік әрі көңілді атмосфера қалыптастырды.
Шығармашылық тапсырмалар да өте қызықты өтті. Балалар «Аққала құрастырайық» тапсырмасында өз қолдарымен әсем бұйымдар жасап, ал қатысушылар «Қар ұшқыны» сурет салу барысында қиялдарын іске қосты.
Іс-шара соңында қыс тақырыбындағы жұмбақтар қойылып, оқушылар оларды белсенді түрде шешіп, өздерінің тапқырлықтарын көрсетті.
Байқау әсерлі, танымдық және нағыз ертегідей өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.