Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін біздің тәрбиеленушілеріміз нағыз қысқы ертегі әлеміне саяхат жасап, BurabayLand отбасылық-сауықтыру кешеніндегі Санта Клаустың резиденциясына барды.

30.01.2026

Бүгін біздің тәрбиеленушілеріміз нағыз қысқы ертегі әлеміне саяхат жасап, BurabayLand отбасылық-сауықтыру кешеніндегі Санта Клаустың резиденциясына барды.

Балаларды алғашқы минуттардан-ақ көңілді әрі мейірімді эльфтер қарсы алып, ойындар, билер мен мерекелік тапсырмаларға толы қызықты бағдарламамен қуантты. Күлкі мен шаттыққа толы сиқырлы атмосфера әр сәтте сезіліп тұрды.

Ерекше әсер қалдырған орын — жұмбақ әрі қызықты шаманның хижинасы болды. Мұнда балалар ертегілер мен аңыздар әлеміне еніп, көптеген жаңа әсер алды.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі - Аяз атаға хат жазу болды. Балалар өз армандары мен тілектерін шын жүректен жеткізіп, әр хаттың міндетті түрде жететініне сенді.

Бұл саяхат балаларға қуаныш, күлкі және ғажайыпқа деген сенім сыйлады. Әрқайсысы жарқын әсермен, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

Мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата-аналар және тәрбиеленушілер атынан мектеп басшысы Ольга Владимировна Бурдинская BurabayLand кешенінің ұжымына және оның басшысы Батухан Абдирахимович Кошкинбаевқа жылы қабылдау, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және ұмытылмас ертегі үшін зор алғысын білдіреді.

Просмотров: 294


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст