02.02.2026
Орман шаруашылығына алғыс білдіреміз.
Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, оқушылар мектеп ауласына арналған құс ұяларын жасап, сыйға тартқаны үшін « Шағалалы»орман шаруашылығы ұжымына және оның басшысы Галымбек Корганбекович Батталов, шаруашылықтың орман шебері Орлан Жангабуловқа шынайы алғыс білдіреді.
Құрметті Галымбек Корганбекович!
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында мектеп ауласы көркейіп, табиғатпен үйлесімді орта қалыптасты. Құс ұялары аумақты сәндеп қана қоймай, балалардың экологиялық тәрбиесіне үлкен үлес қосып, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастырады.Жасаған игі істеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз еселеніп қайтсын!
Құрметпен мектеп әкімшілігі, педагогтар, оқушылар.