03.02.2026
Құрметті ата-аналар!
Қызылшаға қарсы вакцинация туралы маңызды ақпаратты еске салғым келеді.
Егер балада ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) екпесінің тек 1 дозасы ғана салынған болса, бұл толық емес вакцинация болып саналады — бала шартты түрде егілмегендер санатына жатады, өйткені қызылшаға қарсы толық қорғаныс тек вакцинаның 2 дозасынан кейін қалыптасады.
Қазіргі уақытта облыс бойынша қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай қолайсыз: аурудың жағдайлары мен ошақтары тіркелуде, және көбінесе егілмеген немесе толық егілмеген балалар ауырып жатыр.
Қызылша — “жеңіл балалар ауруы” емес. Ол өте жұқпалы және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: өкпенің қабынуы (пневмония), құлақ қабынуы (отит), жүйке жүйесінің ауыр зақымданулары және т.б. Бұрын жаппай вакцинацияның арқасында қызылша дерлік жойылған еді, алайда қазір екпеден бас тарту көбейгендіктен, ауру қайтадан кең таралуда.
📌 ҚҚП екпесінің тек 1 дозасы салынған немесе мүлде егілмеген балалардың ата-аналарынан тіркелген медициналық учаскеге барып, вакцинация мәселесін шешуді сұраймын.
✅ Егер ҚҚП-ның 2-дозасын салдырсаңыздар, вакцинациядан кейін міндетті түрде мектепке (медициналық кабинетке) анықтама әкеліңіздер — деректер құжаттарға енгізіледі.
Егер вакцинациядан бас тартсаңыздар, мектептің медициналық кабинетіне келіп, жазбаша бас тарту рәсімдеуіңізді сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!
Мектептің екпе жүргізуші медбикесі.