Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеше онлайн форматта 1 «Г» сыныбының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы -бірінші сыныптағы оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

06.02.2026

Кеше онлайн форматта 1 «Г» сыныбының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы -бірінші сыныптағы оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

Кездесу барысында педагогтер балалардың мектеп өміріне бейімделуі туралы айтып, оқушылардың алғашқы жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ жаңа тәртіп пен оқу жүктемесіне үйрену кезінде кездесетін қиындықтарға тоқталды.

Одан кейін бірінші жартыжылдықтағы оқу қорытындылары шығарылып, ата-аналарға оқу материалын меңгеру деңгейі, оқушылардың жетістіктері мен алдағы жұмыс бағыттары таныстырылды.Бірінші сынып оқушыларының денсаулығын сақтау, табысты оқу және тәртіп қалыптастыру үшін күн тәртібін сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, педагогтерден пайдалы кеңестер алды.

Жиналыс соңында ата-аналар сынып жетекшісі Айгуль Елюбаевна Такенова, тәрбиеші Шынар Бейсенбаевна Телешеваға кәсібилігі, балаларға деген қамқорлығы мен атқарған еңбектері үшін алғыс білдірді.

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст