11.02.2026
Бүгін мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 9–10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Красный Яр ауылының ГККП «Көпсалалы инновациялық колледжінің» өкілдері қатысты.
«Тігін өндірісі және киім моделін жасау» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері Ивашкевич Ирина Александровна мен Карпунина Наталья Николаевна, сондай-ақ 2-курс студенттері- мектептің түлектері Гирёва Екатерина мен Булатова Руфия оқушылармен жүздесті.
Кездесу барысында мамандар колледжде оқудың ерекшеліктері, тігін саласындағы сұранысқа ие мамандықтар, тәжірибелік даярлық пен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Студенттер өздерінің оқу барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жасаған жұмыстарын көрсетті және оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара жылы әрі мазмұнды жағдайда өтіп, оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды және кәсіби білім беру туралы пайдалы мәлімет алуға мүмкіндік берді.