12.02.2026
Бүгін біздің тәрбиеленушілеріміз тағы да керемет сыйға ие болды — оларды «Cinema Alem» кинотеатры «Рыбка Унывака. Подводное приключение» фильміне арналған қайырымдылық көрсетілімге шақырды.
Киноға бару балалар үшін нағыз мерекеге айналды. Залдың жайлы атмосферасы, үлкен экран, су асты әлемінің жарқын көріністері мен қызықты оқиға желісі балаларға ерекше әсер сыйлады. Олар кейіпкерлердің шытырман оқиғаларын қызығушылықпен тамашалап, бірге уайымдап, қуанышты сәттерге шын жүректен риза болды.
Мұндай шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтіп, қиялын дамытып, есте қаларлық әсер қалдырады.
«Cinema Alem» кинотеатрына балаларымызға көрсеткен қамқорлығы мен мейірімі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Балаларға бақытты сәттер мен жарқын эмоциялар сыйлағандарыңыз үшін рахмет!
Мектептің әлеуметтік педагогы Айжан Сериковна Каримоваға іс- шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс.