Бүгін мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Кітапханашы Гуляим Бекжановна Шурманова оқушыларды ақынның өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен, қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттың дамуына қосқан зор үлесімен таныстырды. Отанға, ана тіліне, адамзатқа деген сүйіспеншілікке толы әсерлі жыр жолдары оқылды.
Іс-шараның ерекше әсерлі сәті — 9 «А» сынып оқушылары Әубәкір Тілеубек, Жайлау Тілеухан және Есенбай Есенжанның мәнерлеп оқуы болды. Оқушылар ақын шығармаларын шынайы сезіммен, ерекше тебіреніспен жеткізіп, Мұқағали жырларының терең мағынасы мен әуезділігін аша білді.
Іс-шара жылы әрі шабытқа толы атмосферада өтіп, ұлы ақын шығармашылығының кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.