Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін тағы да біздің тәрбиеленушілеріміз «Cinema Alem» кинотеатрына барды. Бұл жолы қайырымдылық көрсетілімнің қонақтары жоғары сынып оқушылары болды.

13.02.2026

Бүгін тағы да біздің тәрбиеленушілеріміз «Cinema Alem» кинотеатрына барды. Бұл жолы қайырымдылық көрсетілімнің қонақтары жоғары сынып оқушылары болды. Олар «Копы в кино» комедиялық боевик фильмін тамашалады.

Қызықты оқиға желісі, әсерлі көріністер мен жарасымды әзілдер оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кино залында күлкі үні жиі естіліп, көрсетілімнен кейін оқушылар бір-бірімен әсерлерімен бөлісіп, фильмнің есте қалған сәттерін талқылады. Киноға бару олар үшін жағымды оқиғаға айналып, достық атмосферада уақыт өткізудің тамаша мүмкіндігі болды. Балаларға өте ұнады!

«Cinema Alem» кинотеатрына балаларымызға көрсеткен ықыласы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Балаларға қуаныш пен жарқын әсер сыйлағандарыңыз үшін рахмет! Кинотеатрға өркендеу, көрермендердің көп болуын және жаңа табысты жобалар тілейміз!

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст