13.02.2026
Мектеп басшылығы тәрбиеленушілерімізге арналған концерттік костюмдерді тігуге қаржылай көмек көрсеткен жандарға, яғни Ақмола облысы «Эншин каратэ» филиалының директоры Шынгыс Аскарович Турсунов, Щучинск қаласының «Русский лес» ЖК директоры Евгений Юрьевич Толстун, «ЭРСУ Газстройсервис» ЖШС- нің директоры Евгений Витальевич Джуркинға шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балалар сахнаға әдемі, жинақы әрі сәнді костюмдермен шығып, өздеріне деген сенімділік пен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін сезіне алады. Бұл костюмдер – балалар үшін жай ғана киім емес, олардың шығармашылық бейнесінің бір бөлігі, шабыт пен қуаныштың көзі.
Балаларға деген жанашырлықтарыңыз, жомарттықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үлкен құрметке лайық. Балаларымыздың талантын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін және олардың шығармашылық өсуіне жағдай жасап отырғандарыңыз үшін үлкен рақмет!