19.02.2026
Өткен аптада педагог Айжан Агзамовна Байтенова 6 «А» сыныбында ашық өзіндік дайындық сабағын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Сабақ барысында Сөйлеу және коммуникацияны дамыту пәнінен «Әріптер мен дыбыстар» тақырыбы және Айналадағы әлем пәнінен «Табиғат құбылыстары» тақырыбы қамтылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың бұған дейін өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтап, бекіту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру және қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту болды.
«Әріптер мен дыбыстар» тақырыбында оқушылар әріп пен дыбыстың айырмашылығын ажыратып, буынға бөліп оқу, дұрыс дыбыстау, сөз құрастыру тапсырмаларын орындады. Түрлі ойын элементтері мен көрнекіліктер қолданылып, оқушылар белсенділік танытты.
«Табиғат құбылыстары» тақырыбы бойынша оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты табиғи өзгерістерді атап, қар, жел, боран, тайғақ сияқты құбылыстар туралы өз ойларын ортаға салды. Суреттермен жұмыс, сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар арқылы білімдері бекітілді.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды. Қойылған мақсат толық жүзеге асырылып, оқушылар өз білімдерін сенімді түрде көрсете білді.