Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар мен жасөспірімдердің қысқы спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар спортшылардың спорттық әлеуетін дамыту мақсатында 2026 жылғы 26–27 ақпан аралығында Астана қаласында шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру спорт түрлері бойынша Ұлттық инклюзивті «ЖҰЛДЫЗАЙ–2026» ойындарының республикалық финалдық кезеңі өтті.

03.03.2026

Еліміздің 20 өңірінен іріктелген, аймақтық жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын 500-ден астам ерекше спортшы педагогтер мен жаттықтырушылардың сүйемелдеуімен елордаға жиналды. Жарыс жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, қатысушылардан төзімділік, жігер мен жоғары дайындықты талап етті.

Аталған жарыстарға мектебіміздің тәрбиеленушілері де қатысып, лайықты өнер көрсетті. Құрама команданы жоғары сынып оқушылары құрап, өздерінің спорттық шеберліктерін дәлелдеді.

🏅 Жарыс нәтижелері:
• Зинченко Нина — 400 метр қашықтыққа жүгіруде 15 қатысушының арасынан қола жүлде (III орын);
• Хвостов Андрей — 500 метр қашықтыққа жүгіруде 22 қатысушының арасынан қола жүлде (III орын).

Спортшыларымызды, педагог, жаттықтырушы- дене шынықтыру мұғалімі- Виктор Борисович Самковскийді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, зор денсаулық пен жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз.

Сіздер — біздің мақтанышымыз!

Просмотров: 58

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст