03.03.2026
Бүгін үйде оқыту мұғалімдері ӘБ пәндік декадасы аясында ата-аналармен жылы, достық атмосферада «Ата-аналарға арналған кофе-брейк: БАЛАЛАРДЫҢ ТАБЫСЫНА БІРГЕ» атты кездесу өтті.
Оқушылардың аналары мен педагогтер (Федюшкина З.В., Сероштанова А.С.) мектеп пен отбасының әрбір баланың табысына қалай бірге қолдау көрсете алатынын талқылады.
Кездесудің басты назарында - ата-ананың рөлі, балалардың мүмкіндіктеріне деген сенім және олардың дамуы жолындағы ынтымақтастық болды.Кездесудің негізгі ойы: «БАЛАНЫҢ ТАБЫСЫ АТА-АНАНЫҢ СЕНІМІНЕН БАСТАЛАДЫ!»
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті:«Бүгінгі тәжірибені үйде қалай қолданасыз?»,«Балаға қолдау көрсету туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?»
Кездесу сенімге, ашықтыққа және өзара түсіністікке негізделген жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды және бірлескен жұмысты жалғастыруға ынталандырды.