04.03.2026
Мектепте 3–4 сынып оқушылары арасында жарқын да көңілді, шынайы жылылыққа толы «Аналар күні — 8 Наурыз». Зал көктем нұрына, шат күлкі мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Барлығы ең қымбат, ең сүйікті жандарға — аяулы аналарға арналды.
Оқушылар аналарына арнап жүрекжарды тілектерін, өлеңдерін айтып, алғыс сөздерін білдірді. Мерекенің басты көркі — аналар мен балалар бірге қатысқан ойындар, жарыстар мен билер болды.
«Аналарға арналған губкалар» ойынында қатысушылар ептілік пен шапшаңдық танытты. «Балаңды таны» ойынында аналар көздері байлаулы күйде өз балаларын қолынан ұстап таныды — әрбір дәл табылған сәт көрермендердің ыстық ықыласы мен қол шапалағына бөленді. «Шашамыз — жинаймыз» атты көңілді сайыс үй шаруасын қызықты эстафетаға айналдырса, «Күнді құрастыр» ойынында аналар мен балалар бірлесіп жылулық пен мейірімнің нышаны — жарқын күн сәулесін жасады.
Көпшіліктің көңілінен шыққан «Балық аулау» ойыны да ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар қармақпен тапсырмалар мен тосынсыйларды «аулап», залды шат күлкіге бөледі.
Аналарға арналған билер мерекенің шырайын аша түсті: нәзік «Гүлдермен би», сыпайы да жарасымды «Джентльмендер» биі (онда ұлдар өздерін нағыз тәрбиелі жігіттер ретінде көрсетті) және жүрекке жылы тиетін «Жүрекшелер» биі — бәрі де аналарға деген шынайы махаббаттың көрінісі болды.
Мерекеге ерекше ертегілік реңк сыйлаған — «Приключения кота Леопольда» мультфильмінің кейіпкерлері — мейірімді Кот Леопольд және оның тынымсыз тышқандары. Алғашында тышқандар аздап тентектік жасап, ойындарды шатастырмақ болды. Алайда балалардың шынайылығы мен достығының арқасында олар да мерекенің маңызын түсінді. Балалармен бірге ойындарға қатысып, күн сәулесін құрастыруға көмектесіп, тіпті өздері де «джентльмен» болуға тырысты.
Мереке соңында әуен ойнап, балалар аналарына құшақ жайып, жылы сөздерін арнаған сәтте зал іші ерекше мейірімге бөленді. Барлығының жүрегін қуаныш пен ризашылық сезімі тербеді.
Бұл күн жарқын әсерге, қуанышқа және ұмытылмас сәттерге толы болды. Аналар жүздері нұрланып тарқаса, балалар өздерінің сүйікті жандарына шаттық сыйлай алғандарына мақтаныш сезіммен тарасты.