Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«В» сыныбында ашық өзіндік дайындық сабағы жылы әрі жұмысқа бағытталған атмосферада өтті. Сабақты педагог Самал Омержановна Оспанова психологиялық көңіл күй қалыптастырудан бастады:

04.03.2026

«В» сыныбында ашық өзіндік дайындық сабағы жылы әрі жұмысқа бағытталған атмосферада өтті. Сабақты педагог Самал Омержановна Оспанова психологиялық көңіл күй қалыптастырудан бастады: қонақтармен амандасып, жыл мезгілі, ай және апта күні туралы білімдері еске түсірілді.

Сабақтың қызықты желісі ретінде балалар анасына жетуі керек бегемотқа көмектесті. Тыныс алу жаттығуынан кейін оқушылар дыбыс пен әріптің айырмашылығын қайталап, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықты және негізгі назарды Б әрпіне аударды: суреттер бойынша сөздерді анықтады, дыбысты дұрыс айтты, пазл құрастырды, мәтін оқып, ойын тапсырмаларын орындады.

Сабақ барысында сергіту сәті, көзге және саусаққа арналған жаттығулар жүргізілді. Соңында оқушылар бас және кіші Б әрпін, буындарды жазуды бекітті.

Сабақ мазмұнды әрі нәтижелі өтті, түрлі жұмыс түрлерінің ауысуы оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст