Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебіміздің жайлы залы тағы да оқушылар мен педагогтерді салтанатты жиынға жинады. Залда қуанышқа толы жүздер мен жарқын күлкілер көп болды. Бұған себеп те ерекше — көктемнің ең әдемі мерекесі 8 Наурыз.

05.03.2026

Бүгін мектебіміздің жайлы залы тағы да оқушылар мен педагогтерді салтанатты жиынға жинады. Залда қуанышқа толы жүздер мен жарқын күлкілер көп болды. Бұған себеп те ерекше — көктемнің ең әдемі мерекесі 8 Наурыз.

Мерекелік бағдарлама қызықты ойындар мен әсерлі сәттерге толы болды. Ұл балалар көздерін байлап, «Анамның портретін сал» ойынына қатысып, өз суреттері арқылы аналарына деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысты. Көрермендер «Анаға сыйлық» атты көріністі жылы қабылдап, ең бастысы — анаға деген қамқорлық пен құрмет екенін тағы бір мәрте сезінді.

Ерекше көңіл күй сыйлаған сәттердің бірі — «Ең-ең» деп аталатын сиқырлы түймедақ ойыны болды. Қыздар тақтаға сары смайлик ортасына орналасқан гүлді құрастырып, жақсы қасиеттер жазылған күлтелерді жапсырды. Әрбір күлтеде сырт келбет пен мінездің әсем ерекшеліктері айтылып, гүл біртіндеп әдемі бейнеге айналды.

«Құттықтауды жеткіз» ойыны да қызықты өтті: музыка әуенімен шеңбер бойымен гүл беріліп отырды. Музыка тоқтағанда, гүл қолында қалған оқушы 8 Наурыз мерекесіне арнап жылы лебізін білдірді. Зал шынайы құттықтаулар мен қуанышты сәттерге толды.

Жүргізуші атап өтті:«8 Наурыз — көктемнің, махаббат пен сұлулықтың мерекесі. Дәл осы көктемде әйелдер одан сайын құлпырып, айналасына мейірім мен жылулық сыйлайтын нағыз сиқыршыға айналады».

Жиын соңында бәрі бірге «Дарите женщинам цветы» әнін айтып, би билеп, мерекелік көңіл күйді еселей түсті.

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст