Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты әсерлі мерекелік ертеңгілік өтті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу және отбасы құндылықтарын дәріптеу.

05.03.2026

Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты әсерлі мерекелік ертеңгілік өтті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу және отбасы құндылықтарын дәріптеу.

Мереке балалардың салтанатты түрде сахнаға шығуымен басталды. Әр баланың қолында махаббат пен алғыстың белгісі – жүрек шарлар болды. Ана туралы ән шырқалып, залды жылылық пен нәзіктікке бөледі.

Жүргізуші - педагог Қ.С. Бекмагамбетов аяулы аналарды, ұстаздарды және қонақтарды көктем мерекесімен құттықтады. Ерекше сәттердің бірі – «Көктем» бейнесінің сахнаға шығуы болды (педагог Байтенова А.А.).Ол күннің шуағын, гүлдердің әсемдігін және ақ тілектерін ала келді.
Бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі өтті. 6-сынып оқушыларының билері, «Анамның ақ жаулығы» биі ( педагог Олжабаева А.К.) аналарға арналған өлеңдер мен әндер көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 9-сынып оқушылары орындаған «Қыздар-қыздар» әні кештің көркін аша түсті( педагог- Кенжесарина У.О.).

Ертеңгіліктің ең толғандырар сәті – ана туралы қойылым болды. Күнделікті өмірдегі ана мен бала арасындағы диалог арқылы ананың мейірімі мен баланың кейде байқамайтын қателіктері көрсетілді. Одан кейін ананың қадірі мен махаббаты туралы жүрек тебірентер монолог орындалды. Бұл сәт көрермендердің жүрегіне ерекше әсер қалдырды.
Балалар аналарға арнап өлеңдер оқып, соңында аналарына барып құшақтап, өздерінің шынайы сүйіспеншілігін білдірді. Бұл – мерекенің ең әсерлі әрі есте қаларлық сәті болды.

«Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын» әні және қорытынды «Аяулы анашым» хоры шырқалды. Сонымен қатар «Құдаша» биі( педагог Кабылова А.Ж.), қызықты ойындар және гүл сыйлау рәсімі мерекені одан әрі жандандыра түсті.

Ертеңгілік соңында жүргізушілер барша қонақтарға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Мереке шынайы, әсерлі және көктемнің шуақты көңіл күйін сыйлаған тағылымды кеш болды.

Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст