Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебімізде ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Алда келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектептің кәсіподақ комитеті таңертеңнен бастап ұжымның нәзік жандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

12.03.2026

Бүгін мектебімізде ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Алда келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектептің кәсіподақ комитеті таңертеңнен бастап ұжымның нәзік жандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мұғалімдер мен қызметкерлерді жылы лебіздермен, әсем әндермен және домбыра оркестрінің күмбірлеген әуенімен қарсы алды. Таңғы осы сәттердің өзі баршаға қуаныш, шаттық пен мерекелік көңіл сыйлады.

Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан жағымды тосынсыйлар да дайындалған: әрбір әйелге сыйлықтар табысталып, ұтыссыз лотерея ұйымдастырылды. Бұл шара баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышты эмоциялар сыйлады.

Осындай жылы әрі әсерлі мерекелік шараны ұйымдастырған кәсіподақ комитетінің төрайымы Наталья Николаевна Каримоваға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ кәсіподақтың барлық мүшелеріне көрсеткен қамқорлықтары мен еңбектері үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.

Ұжымға сыйлаған жылулықтарыңыз бен мерекелік көңіл-күй үшін үлкен рахмет!

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст