12.03.2026
Мектебімізде «Көктемгі көңіл-күй» тақырыбында жарқын әрі әсерлі ертеңгілік өтті. Іс-шара көктемнің көрікті мерекесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналды. ( Жүргізушілер - педагог Жуматаева Г.К ., Есмагамбетова Д.Ж.).
Мерекелік бағдарламаға 7–8 сынып оқушылары қатысып, мектептің аяулы аналары, әжелері және ұстаздарына арналған жүрекжарды құттықтауларын ұсынды.
Мереке жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Оқушылар түрлі ойындар мен қызықты сайыстарға белсенді қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе «Түсті құшақтасу», «Әуенді тап», «Көктемгі лотерея», сондай-ақ әсерлі «Өз балаңды таны» ойыны көпшілікке ерекше әсер қалдырды.Мерекенің көркін оқушылардың шығармашылық өнерлері аша түсті.
Қонақтар ана туралы қойылымды қызығушылықпен тамашалап, әже туралы өлеңді жылы қабылдады. Әсем әндер мен көңілді билер мерекелік бағдарламаны көркейтіп, нағыз көктемгі көңіл-күй сыйлады. Шараның жарқын қорытындысы ретінде барлығы бірге флешмоб билеп, мерекені көңілді әрі әсерлі аяқтады.
Бұл күн барша қатысушыларға қуаныш, шаттық және көктемнің шуақты көңіл-күйін сыйлаған ерекше сәттердің бірі болды.