Текст
12.03.2026
Үйде оқыту мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. Осы уақыт аралығында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық іс-шаралар өткізіп, кәсіби шеберліктері мен жаңа педагогикалық тәсілдерін көрсетті.
Қорытынды кездесуде декаданың нәтижелері шығарылып, ең мазмұнды әрі маңызды іс-шаралар атап өтілді.
Ең белсенді қатысушыларға бастамашылдығы, шығармашылық көзқарасы және әдістемелік жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін мақтау қағаздары табысталды.
Декада педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және өзара ынтымақтастығын нығайтуға үлкен мүмкіндік болды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жақсы әсер мен жаңа идеялар сыйлады.