Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектептің мектепке дейінгі бөлімінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – достардың күлкісінен басталатын қуаныш» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өтті.

16.03.2026

Бүгін мектептің мектепке дейінгі бөлімінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – достардың күлкісінен басталатын қуаныш» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өтті.( Жүргізуші - педагог А.Ж. Жансеитова)

Мереке көктемнің шуақты көңіл күйіне толы болды: зал балалардың күлкісіне, әуенге және шаттыққа бөленді. Балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға қатысты.

Мерекенің ерекше қонағы қазақ ертегілеріндегі тапқыр кейіпкер — Алдар Косе ( Педагог Баймаганова А.А.) болды. Ол балалармен бірге ойын ойнап, қызықты тапсырмалар беріп, мерекеге ерекше көңілді атмосфера сыйлады.

Іс-шара барысында балалар қазақ халқының дәстүрлерімен де танысты. Соның бірі — нәрестені бесікке бөлеу рәсімі «Бесікке салу» көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық ойын «Арқан тартыс»түрінде ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын арттырды.

Мереке көңілді әрі танымдық түрде өтіп, балаларға көп қуаныш, жақсы көңіл күй және жарқын әсер сыйлады. Наурыз – достықтың, мейірімнің және жаңарудың мерекесі екені тағы да сезілді.

Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст