Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем мерекесі Наурыз қарсаңында біздің тәрбиеленушілер үшін нағыз мерекелік оқиға ұйымдастырылды. Ақмола облысының орыс драма театрының шығармашылық ұжымы игі дәстүр бойынша қайырымдылық негізінде балаларға жарқын театрландырылған қойылым сыйлады.

16.03.2026

Көктем мерекесі Наурыз қарсаңында біздің тәрбиеленушілер үшін нағыз мерекелік оқиға ұйымдастырылды. Ақмола облысының орыс драма театрының шығармашылық ұжымы игі дәстүр бойынша қайырымдылық негізінде балаларға жарқын театрландырылған қойылым сыйлады.

Көркем декорациялармен және ортағасырлық үлгідегі костюмдермен безендірілген әсерлі фэнтези ертегісі «Долина вечных ветров» көрермендерді кейіпкерлермен бірге жұмбақ алқапқа қызықты саяхатқа алып барды. Сахнада ертегідегі кейіпкерлер жанданып, балалар оқиғаның әр сәтін қызығушылықпен тамашалады.

Көрермендерге ерекше әсер қалдырған — алып айдаһар Айдахар мен ғажайып құс - Самұрық болды. Ертегі желісі бойынша Самұрық құсы күлгенде әлем нұрға бөленіп, ал оның көз жасы жарқыраған інжу-маржандарға айналады. Бұл сәттер балаларға нағыз ертегі әлемінің кереметін сезіндірді.

Спектакльден кейін мереке жалғасын тапты: балаларды ертегі кейіпкерлерімен көңілді әрі қызықты ойындар, шығыс билері және жағымды тосынсыйлар күтті.

Бұл күн балаларға қуаныш, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлаған нағыз көктем мерекесіне айналды.

Осыған орай мектеп басшысы Ольга Владимировна Бурдинская театрдың басшылығы, шығармашылық ұжымына Наурыз мерекесі қарсаңында тәрбиеленушілерімізге сыйлаған ерекше мерекесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Сіздердің жарқын, әсерлі әрі нағыз ертегіге толы қойылымдарыңыз балаларға ұмытылмас қуаныш пен әсер сыйлады. Актерлердің шебер ойыны, әсем декорациялар мен костюмдер, жылы атмосфера бұл күнді тәрбиеленушілеріміз үшін ерекше етті.

Просмотров: 56


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст