Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызға арналған бүгінгі мерекелік іс-шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеген, тәрбиелік мәні терең, әсерлі де мазмұнды кеш болды.

18.03.2026

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызға арналған бүгінгі мерекелік іс-шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеген, тәрбиелік мәні терең, әсерлі де мазмұнды кеш болды.

Мерекенің басты мақсаты – балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын олардың санасына сіңіру, ұлттық рухты қалыптастыру, сондай-ақ имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін дамыту болды.

Іс-шара шағын сахналық көрініспен басталды. Киіз үй ішінде отырған Ата ( Бекмагамбетов Қ.С.), Әже( Олжабаева А.К.), Ана ( Нина) арқылы қазақ отбасының жылуы мен берекесі көрініс тапты. Әженің немересіне ( Нұрсұлтан) Наурыздың мәнін, «ұзын сары» ұғымын түсіндіруі арқылы балалар табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуінің маңызын ұғынды. Бұл көрініс ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын айқын бейнеледі.

Көп ұзамай мерекелік әуенмен сахнаға балалар шығып, думанды кештің шымылдығын ашты. Жүргізушінің ( Байтенова А.А.) жүрекжарды құттықтауынан кейін ән мен би, ойындар кезек-кезек жалғасын тапты. 9 «А» сынып оқушылары орындаған «Әз-Наурыз» әні көрерменге ерекше көңіл-күй сыйласа, 5 «А» сыныптың «Қуыршақ» биі мен 6 «А» сыныптың «Таяқшалар» биі кештің сәнін кіргізді.

Ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. «Асық ату», «Алтыбақан», «Ою-өрнектер» сияқты ойындар арқылы балалардың ептілігі мен қызығушылығы артып, ата-аналар да белсене қатысып, мерекеге ерекше жылылық қосты. «Түрлі түсті жіптер» ойыны көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Домбыраның күмбірлеген күйі де кештің ажырамас бөлігі болды ( Кенжесарина У.О.). Күйшілердің өнері арқылы ұлттық музыкаға деген құрмет арта түсті. Ал 9 «А» және «Б» сынып оқушыларының «Мен қазақпын» биі көрермендерді жігерлендіріп, патриоттық рух сыйлады(Кабылова А.Ж.).

Мереке соңында барлық балалар бірігіп Наурыз-көктем әнін шырқап, бірлік пен татулықтың символын көрсетті. Қыдыр атаның батасы беріліп, ізгі тілектер айтылды.

Осындай мазмұнды да әсерлі кеш арқылы оқушылар ұлттық дәстүрлердің маңызын түсініп, Наурыз мейрамының рухын терең сезінді. Мереке шаттыққа, қуанышқа, ізгі ниеттерге толы болып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.

Просмотров: 79

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст