31.03.2026
Көктемнің ең көркем де ең күтілетін мерекелерінің бірі – күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз жақындаған сайын, айналада жаңару лебі айқын сезіледі. Табиғат қысқы ұйқысынан оянып, тіршілікке толып, жылу мен әсемдікке бөленеді. Осы мезетте адамдардың жүрегінде де қуаныш, үміт пен шабыт оянады.Біздің сүйікті қаламыз Көкшетау бұл мерекені ерекше ықыласпен қарсы алуға дайындалуда. Қала көшелері жаңарып, мерекелік көңіл күйге бөленсе, орталық алаңда ақ шаңқан киіз үйлерден тұратын тұтас бір ауыл бой көтеруде. Бұл – ұлттық дәстүріміздің, бірлігіміз бен берекеміздің айқын көрінісі.
Киіз үйлерді құру жұмысына мектебіміздің қызметкерлері, атап айтқанда дене шынықтыру пәні мұғалімдері белсене қатысты. Олардың ұйымшылдығы, жауапкершілігі және ортақ іске деген жанашырлығы шынайы үлгі бола білді.
Осыған орай, мектеп әкімшілігі , яғни басшы Ольга Владимировна Бурдинская педагогтарға атқарған еңбектері, белсенділігі және қалалық мерекені ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Олардың еңбегі Наурыз мерекесінің ерекше рухын қалыптастыруға зор үлес қосты.