31.03.2026
Бүгін «Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында мектептің кезекті педагогикалық кеңесі жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.Педагогикалық кеңестің жұмысын оқу ісі жөніндегі басшының орынбасары О.М. Самосенко ашып, таңдалған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды.Кеңес барысында мектеп психологы С.В.Трофимова ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдап, олардың хабардарлық деңгейін анықтап, өзекті мәселелерді айқындап, алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі.Педкеңестің практикалық бөлімі әр ӘБ дайындаған ата-аналарға арналған ақпараттық-ұсынымдық бейнероликтерді көрумен жалғасты. Ұсынылған материалдар мазмұндылығымен, өзектілігімен және шығармашылық тұрғыдан ерекшеленді.Сондай-ақ «Менің педагогикалық идеям» байқауы аясында мұғалімдер Вафина А. И. (математика пәні), Искакова О. Н. (Кәсіп пәні ),Пачко О. С. және Тябус С. В. (дефектолог)өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестеріне тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Кеңес соңында педагогикалық ұжым РНПЦ «Дарын» ұйымдастыратын «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының Ережесімен таныстырылды. Бұл педагогтердің кәсіби дамуына және шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Педагогикалық кеңестің шешімі:1.Ата-аналарға арналған бейнероликтерді жариялау.2.Әр әдістемелік бірлестік келесі оқу жылына ата-аналарға арналған іс-шара жоспарлау.3.Ата-аналарды ақпараттандыру мәселелері бойынша жұмыс тобының қызметін жалғастыру. 4.Педагогтердің бейнематериалдарын «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына ұсыну.
Педагогикалық кеңес өзара ынтымақтастық, ашық диалог және тәжірибе алмасу жағдайында өтіп, тиімді шешімдер қабылданған маңызды алаңға айналды.