Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін тәрбиеленушілеріміз үшін ұмытылмас әрі әсерлі оқиға -сүйікті қаламыз Көкшетау бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Шараны қаладағы «Круиз» туристік фирмасы өткізді.

01.04.2026

Бүгін тәрбиеленушілеріміз үшін ұмытылмас әрі әсерлі оқиға -сүйікті қаламыз Көкшетау бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Шараны қаладағы «Круиз» туристік фирмасы өткізді.

Экскурсия барысында балалар туған өлкенің тарихына терең бойлады. Кәсіби экскурсовод қала атауының шығу тарихы мен оның қалыптасу кезеңдері туралы қызықты әңгімелеп берді. Сондай-ақ қаланың дамуына ерекше үлес қосқан элеватор тарихы да үлкен қызығушылық тудырды.

Бағдарлама өте мазмұнды болды. Оқушылар қаланың көрікті жерлерін тамашалап, «Көкшетау»бақылау алаңына көтеріліп, әсем көріністерге сүйсінді. Жаңа жағалауда серуендеп, оның заманауи келбетін көрді.

Ерекше әсер қалдырған нысандардың бірі -Мақтай тауы мүсіндік композициясы болды. Оны «кіші Оқжетпес» деп те атайды, ол туған өлкенің көркі мен рухын бейнелейді.

Сондай-ақ балалар Даңқ Аллеясы мен Мәңгілік алау мемориалында болып, ел қорғаған батырларға тағзым етті. Бұл сәт балалардың жүрегінде ерекше әсер қалдырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге мүмкіндік берді.

Экскурсия өте танымдық әрі әсерлі өтті. Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Туристік фирмаға және экскурсовод Евгения Борисенкоға жоғары деңгейде ұйымдастырылған экскурсия үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Ерекше алғысымызды мектептің әлеуметтік педагогы А.С. Каримоваға тәрбиеленушілерге іс- шара ұйымдастырғанына білдіреміз.

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст