Текст
02.04.2026
Бүгін 5–6 сынып оқушылары үшін СПЧС-2 Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті базасында қызықты әрі танымдық экскурсия өтті.
Оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысымен жақын танысып, бұл мамандықтың қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін білді. Қызметкерлер өз қызметтері туралы әңгімелеп, арнайы құрал-жабдықтар мен техникаларды көрсетті.
Балалар үшін ең әсерлі сәт — тәжірибелік бөлім болды: олар өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін, дулығаларын киіп көрді, өрт сөндіру көліктерін тамашалап, арнайы техниканың ішіне отырып көрді.
Экскурсия қызықты әрі әсерлі өтті. Оқушылар жаңа білім алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Барлығына өте ұнады.