Текст
06.04.2026
2 сәуір – Аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай
Мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты аясында танымдық кездесу өткізілді.
Кездесудің қонақтары:
🔹 Қаппасова Айару Берікқызы – Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп-интернаты» КММ логопеді, модератор
🔹 Ахметова Салтанат Ануарбековна – педагог-психолог, сарапшы
Іс-шара барысында оқушыларға аутизмнің ерекшеліктері, белгілері, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін жандарға дұрыс көзқарас қалыптастыру туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу олардың мейірімділік пен толеранттылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
💙 Әр бала – ерекше. Әр бала – маңызды.