Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебіміздің педагогтері Б.Н. Ешкеева, О.Н.Искакова, И.В.Шайхутдинова тәрбиеленушілерімізбен бірге №12 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен «Білім берудегі инклюзия: болашаққа көзқарас» атты қалалық семинар-практикумда өз тәжірибелерін жоғары деңгейде таныстырды.

06.04.2026

Семинардың мақсаты — ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуын қамтамасыз ету, олардың тұлғалық дамуына ықпал ету, әлеуметтік-эмоционалдық қолдау арқылы қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби бағдар беру және еңбек нарығына дайындау.

Іс-шара барысында педагогтер оқыту мен сүйемелдеудің тиімді тәжірибелерін көрсетіп, өздерінің әдістемелік жұмыстары мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиеленушілердің қатысуы ұсынылған жұмыстың нәтижелілігін айқын көрсетіп, ерекше мән берді.

Ұсынылған тәжірибе семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, өзектілігі мен практикалық маңыздылығы үшін жоғары бағаланды.

Педагогтер мен оқушыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және кәсібиліктері, белсенділіктері мен инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Просмотров: 103

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст