Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ базасында «Инклюзивті орта: аутизмнің ерте алдын алу және кешенді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға мектебіміздің басшысы О.В.Бурдинская қатысты.

06.04.2026

Дөңгелек үстел барысында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға кешенді қолдау көрсету, сондай-ақ ерте диагностикалау мен алдын алудың маңыздылығы мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар балаларды сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін, мамандардың өзара әрекеттестігін және отбасыларды қолдаудың тиімді тәжірибелерін талқылады. Ерте анықтау және дер кезінде түзету көмегін көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби пікір алмасуға және инклюзивті білім беруді дамытудағы тиімді шешімдерді іздеуге арналған маңызды алаң болды.

Просмотров: 187

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст