Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебіміздің оқушылары үшін ерекше мазмұнды әрі әсерлі күн болды. Қайырымдылық негізінде Қазақстандағы ең көне ботаникалық бақтың бірі -Петропавл қаласында орналасқан ботаникалық бақтың қызметкерлері оқушыларға танымдық экскурсия ұйымдастырды.

08.04.2026

Бүгін мектебіміздің оқушылары үшін ерекше мазмұнды әрі әсерлі күн болды. Қайырымдылық негізінде Қазақстандағы ең көне ботаникалық бақтың бірі -Петропавл қаласында орналасқан ботаникалық бақтың қызметкерлері оқушыларға танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Балалар өсімдіктердің бай әлемімен танысып, өсімдік түрін көрді, экзотикалық тропикалық өсімдіктері бар оранжереяларды аралап, қыстың өзінде де көркі кетпейтін әсем аумақта серуендеді. Экскурсия барысында олар табиғат туралы көптеген жаңа мәліметтер алды.

Сапардың маңызды бөлігі -Абылай ханның резиденциясы болып табылатын тарихи-мәдени музей кешеніне бару болды. «Абылайдың ақ үйін» аралау арқылы оқушылар Қазақстан тарихына тереңірек үңіліп, елдің дамуы мен атақты тұлғалары туралы білімдерін толықтырды.

Әрбір Қазақстан азаматы өз елінің тарихын, ата-бабаларын білуі және оларды құрметтеуі тиіс -бұл экскурсияның негізгі мәні де осы болды.

Бұл сапар табиғат пен тарихты ұштастырған танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шараға айналды. Оқушылар жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы естеліктермен оралды.

Осыған орай, мектеп басшысы О.В.Бурдинская Ботаникалық бақтың басшылығына саяхатқа, Ақмола облысы ҰҚД балаларды тасымалдағаны, әлеуметтік педагог А.С. Каримоваға саяхатты ұйымдастырғаны үшін шексіз алғыс білдіреді.

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст