Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек адамды көркейтеді»-бұл дана мақал өткен аптаның мәнін дәл сипаттайды. Көктем келіп, мектеп ауласы күн нұрына бөленіп, ұзақ қыстан кейін тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігін еске салды.

10.04.2026

Еңбек адамды көркейтеді»-бұл дана мақал өткен аптаның мәнін дәл сипаттайды. Көктем келіп, мектеп ауласы күн нұрына бөленіп, ұзақ қыстан кейін тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігін еске салды.

Апта бойы оқушылар шаруашылық еңбек пәні мұғалімдерімен бірге мектеп жанындағы палисадта бірлесе жұмыс істеді: өткен жылғы жапырақтарды жинап, аумақты қоқыстан тазалап, гүлзарларды ретке келтірді. Жұмыс ұйымшылдықпен әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті.

Жылы, шуақты ауа райы балаларға ерекше серпін беріп, мектеп ауласын таза әрі көрікті етуге деген ынталарын арттырды. Әрқайсысы өз үлесін қосып, нәтижесінде сүйікті мектебіміздің аумағы айтарлықтай көркейе түсті.

Еңбектері жемісті болды! Мұндай сәттер балаларды еңбекке баулып қана қоймай, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст