Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін 8 «А» сыныбында «Ауылшаруашылық еңбек» пәні бойынша «Қайталау.

14.04.2026

Бүгін 8 «А» сыныбында «Ауылшаруашылық еңбек» пәні бойынша «Қайталау. Көкөніс дақылдарының топтары: жасыл көкөністер. Өсіру агротехникасы» тақырыбында педагог Л.В. Чердынцева ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – жасыл көкөніс дақылдары туралы білімдерін бекіту және оларды өсіру ерекшеліктерін қайталау болды. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың барлығын жұмысқа тартуға, ойлау қабілеттерін дамытуға және оқу материалын қызықты түрде бекітуге мүмкіндік берді.
Сабақтың практикалық маңызы ерекше болды. Бұған дейін оқушылар жылыжайда үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді: қабырғалары мен тіректерін жуды, топырақты қопсытып, тегістеді, жүлгелер дайындады, оларды фитоспорин ерітіндісімен өңдеді, сондай-ақ жылыжайды күкіртті шашкамен залалсыздандырды.

Просмотров: 71


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст