Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеше біздің мектеп аспанында жаңа жарқын жұлдыздар жанды -мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар арасында көптен күткен «Әр бала- жұлдыз” атты «Жыл оқушысы – 2026» байқауы өтті.

16.04.2026

Кеше біздің мектеп аспанында жаңа жарқын жұлдыздар жанды -мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар арасында көптен күткен «Әр бала- жұлдыз” атты «Жыл оқушысы – 2026» байқауы өтті. Үздік атақ үшін тартыс өте қызу болды: әрбір қатысушы байқауға тыңғылықты дайындалып, өздерінің еңбексүйгіштігін, шығармашылығын және өзіне деген сенімін көрсете білді.
Байқау бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты өтті.

Алғашқы кезең — «Мен жұлдызбын» визиттік таныстыруында қатысушылар өздерін жарқын түрде таныстырып, ерекше дайындалған презентациялар мен мазмұнды портфолиоларын ұсынды. Бұл жұмыстар олардың жетістіктері мен қызығушылықтарын, жеке қасиеттерін айқын көрсетті.

«Болашақ мектебі» атты шығармашылық жобалар кезеңі ерекше әсер қалдырды. Оқушылар өз қиялдары мен тың идеяларын ұсынып, білім беру саласының болашағына деген көзқарастарын көрсетті. Ұсынылған жобалар заманауи, батыл әрі шабыттандырарлық болды.

Іс-шара жүргізушілері Г.Ж. Касенова мен А.А. Байтенова дайындаған интеллектуалдық сайыс та өте тартымды өтті. Бұл кезеңде қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдамдықтарын көрсетті.

Кештің шарықтау шегі- «Ең талантты» музыкалық кезеңі болды. Қатысушылар өздерінің ерекше таланттарын көрсетіп, сахнада еркін өнер көрсетті. Әрбір өнер нөмірі көрерменнің жүрегінен орын алды.

Байқау бойы достық, қолдау және мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді. Бұл жай ғана жарыс емес, талант пен шығармашылықтың, жетістікке ұмтылыстың нағыз мерекесі болды.Барлығы өте әсерлі, жарқын әрі есте қаларлықтай өтті!

Байқаудың жеңімпаздары:2”А” сынып оқушысы Ерғали Нұрдана - Гран-при.9”А” сынып оқушысы Жайлау Тілеухан - Гран-при.9”Б” сынып оқушысы Айымбет Аружан- Гран-при.6”А” сынып оқушысы Жакенов Мансұр - 1 орын. 5”А” сынып оқушысы Хаириден Санжар - 2 орын.

Құттықтаймыз!!!🎉🎉🎉💥💥💥✨✨✨🎊🎊🎊💐💐💐Сендер- нағыз жұлдызсыңдар!!!

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст