Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Міне, мазмұнды, шығармашылыққа толы әрі өте жарқын өткен еңбек циклі ӘБ апталығы өз мәресіне жетті. Бұл күндер қызықты іс-шараларға, жаңа жетістіктерге және оқушылар мен мұғалімдердің белсенді еңбегіне толы болды.

21.04.2026

Міне, мазмұнды, шығармашылыққа толы әрі өте жарқын өткен еңбек циклі ӘБ апталығы өз мәресіне жетті. Бұл күндер қызықты іс-шараларға, жаңа жетістіктерге және оқушылар мен мұғалімдердің белсенді еңбегіне толы болды.

Апталықтың салтанатты жабылуы арнайы линейкада өтті. Мерекелік көңіл-күйде мұғалімдер атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, әрбір іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Ерекше назар «Отбасы мен еңбек — табысқа жетелейді» атты шығармашылық коллаж жұмысына аударылды. Оқушылар мен сынып жетекшілері бұл тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, өздерінің қиялдарын, бірлігін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсете білді. Әрбір жұмыс мазмұнды, көркем әрі маңызды құндылықтарды бейнеледі.

Іс-шара соңында сынып ұжымдарына белсенді қатысқандары, шығармашылықтары мен бастамашылдығы үшін грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл сәт барша қатысушылар үшін ерекше қуанышты әрі шабыттандыратын болды.

Еңбек циклі ӘБ апталығы баршаға жағымды әсер қалдырып, жаңа идеялар мен алға ұмтылуға деген ынта сыйлады.

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст