Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі , яғни Айжан Сериковна Каримова және Светлана Викторовна Трофимова оқушылар мен олардың ата-аналары үшін кезекті кәсіби бағдар беру экскурсиясын ұйымдастырды.

27.04.2026

Бүгін мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі , яғни Айжан Сериковна Каримова және Светлана Викторовна Трофимова оқушылар мен олардың ата-аналары үшін кезекті кәсіби бағдар беру экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасына қарасты, ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын бірегей әрі көне оқу орындарының бірі- «Жоғары агротехникалық колледжі” базасында өтті.

Экскурсия барысында қатысушылар колледждің оқу үдерісімен жақынырақ танысты: оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды аралап көрді. Оқу орнының оқытушылары мазмұнды әрі танымдық әңгімелер жүргізіп, білім беру бағыттары, оқуға түсу шарттары мен болашақ мамандықтардың мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.

Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойса, ата-аналар балаларының болашағына қатысты маңызды мәліметтер алды. Жылы, ашық атмосфера еркін қарым-қатынас орнатып, барша қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Мұндай іс-шаралар мектеп түлектері үшін аса маңызды: олар дүниетанымын кеңейтіп, мамандықтар әлемімен танысып, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға көмектеседі.

Мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен оқушылар колледж басшылығына жылы қабылдауы, ілтипаты және кәсіби әлеммен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасағаны үшін шынайы алғыстарын білдіреді.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст