28.04.2026
2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өткен жазғы спорт түрлері бойынша Ұлттық инклюзивті ойындардың облыстық Спартакиадасында үздік спортшы атағы үшін тартысты да қызу бәсеке үш күн бойы жалғасты. Бұл жарысқа мектебіміздің оқушылары да белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Спартакиада бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты болды: қатысушылар жеңіл атлетика, үстел теннисі және ұлттық ойындар — асық ату мен бес асық бойынша бақ сынасты. Әр жарыс жоғары дайындықты, төзімділік пен жеңіске деген жігерді талап етті.
Біз мақтанышпен айта аламыз — біздің спортшыларымыз мектеп намысын лайықты қорғап, табандылық пен қайсарлық танытты. Бұл жетістіктер — тынымсыз еңбектің және өз күшіне деген сенімнің нәтижесі.
Адаптивті дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне , яғни Самковский Виктор Борисович, Шарипов Даурен Еслямович, Цоков Тимур Алиханович, Жетписбаев Самат Болатович, Новгородцева Александра Андреевнаға жоғары деңгейдегі дайындықтары, кәсібилігі және оқушылардың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!