29.04.2026
Бүгін мектебіміздің ең кішкентай тәрбиеленушілері ата-аналары мен педагогтардың сүйемелдеуімен Көкшетау қаласындағы Рио Парк отбасылық ойын-сауық паркінде, ТРЦ «РИО» базасында болып, ұмытылмас әсер алды.
Балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырылды: ойын алаңдары, лабиринттер мен түрлі аттракциондар белсенді демалыс пен шаттық сыйлады. Жарқын атмосфера, жаңартылған аймақтар мен балалардың күлкісі бұл күнді ерекше қуанышқа бөледі.
Мұндай сәттер балалар үшін өте маңызды — олар қуаныш сыйлап қана қоймай, жағымды эмоциялар қалыптастырып, есте ұзақ сақталады.
Осыған орай, мектеп басшылығы ТРЦ «РИО» әкімшілігіне балаларға қайырымдылық негізінде демалыс ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Балаларға сыйлаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтып, сіздерге өркендеу, табыс және ризашылыққа толы келушілер әкелсін!
Ерекше алғысты тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастырғанына мектептің әлеуметтік педагогы Айжан Сериковна Каримоваға білдіреміз.