Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жыл оқушысы – 2026» жобасы аясында мектепте ерекше әрі қызықты «Болашақ мектебі» атты көрме ұйымдастырылды.

19.05.2026

«Жыл оқушысы – 2026» жобасы аясында мектепте ерекше әрі қызықты «Болашақ мектебі» атты көрме ұйымдастырылды.

Барлық сынып оқушылары көрмеге белсенді қатысып, болашақ мектебі туралы өз қиялдарын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті. Оқушылар тың идеяларын, армандары мен заманауи көзқарастарын шығармашылықпен жеткізіп, қиялға бай жобаларын ұсынды.

Көрмеде түрлі макеттер, суреттер, көлемді композициялар мен қолөнер жұмыстары қойылды. Әр жұмыстан оқушылардың ізденісі, шығармашылық қабілеті мен ерекше талпынысы байқалды.

Балалардың шығармашылық бастамаларын қолдап, жобаларды дайындауға көмектескен ата-аналарға ерекше алғыс білдіреміз. Балалар, ата-аналар және педагогтердің бірлескен еңбегінің арқасында көрме жоғары деңгейде өтті.

«Болашақ мектебі» көрмесі қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оқушыларымыздың талантты, белсенді әрі шығармашыл екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Просмотров: 71


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст