28.05.2026
Бүгін мектептің педагогикалық ұжымы сән мен салтанат үстемдік құрған, ал жетістік тек байлықпен емес, мойындау мен құрмет арқылы бағаланатын ерекше дәуірге сапар шеккендей болды. Дәл осы жерде нағыз алтынды -білімді қалыптастырып жүрген жандардың есімдері жарқырай түсті!
Әсерлі джаз әуенінің сүйемелдеуімен қызыл-қара түсті сәнді киімдер мен әсем қауырсындар таққан гуманитарлық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің тамаша жүргізушілері «Ұлы Гэтсби стиліндегі -Жыл педагогі 2026» байқауының марапаттау рәсімінің басталғанын жариялады.
Мерекелік кештің ерекше атмосферасын «1920-жылдар» тақырыбындағы фотозона толықтырды. Ол қатысушыларға сән-салтанатқа, жарқын эмоциялар мен қайталанбас стиль кезеңіне енуге мүмкіндік берді.
Джаз стиліндегі әсем биден кейін педагогтерді номинациялар бойынша марапаттау рәсімі басталды. Осы күні әріптестерінің зор қошеметімен мектептің үздік педагогтерінің есімдері аталды. Олар -күн сайын өз еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және шығармашылық ізденістерімен оқушыларға білім жолын ашып жүрген жандар.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға педагогикалық еңбегі, кәсіби шеберлігі және шығармашылық жетістіктері үшін мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Құрметті педагогтер, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің жетістіктеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңызды мақтан тұтамыз. Шығармашылық шабыт, тың идеялар, жаңа жеңістер мен кәсіби табыстар тілейміз!