Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тағы бір оқу жылы артта қалып, көптен күткен жаз мезгілі келді. Жаз -демалыс, қызықты оқиғалар, жарқын әсерлер мен жаңа достықтардың кезеңі. Дәстүр бойынша Балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы «Арман» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.

02.06.2026

Тағы бір оқу жылы артта қалып, көптен күткен жаз мезгілі келді. Жаз -демалыс, қызықты оқиғалар, жарқын әсерлер мен жаңа достықтардың кезеңі. Дәстүр бойынша Балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы «Арман» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.

Лагерь маусымының ашылуы салтанатты әрі мерекелік жағдайда өтті. « Думан» педагогикалық отряды балаларды жылы лебіздер, қызықты кездесулер мен жағымды тосынсыйлар сыйлады. Бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған нағыз балалық шақ мерекесіне айналды.

Мектебіміздің көп жылдан бергі сенімді серіктестері мен қамқоршылары Ақмола облысы бойынша ҰҚКД өкілі Арман Сайрановна Досанова, «Шинлайн» ұйымының басшысы Руслан Александровичке ерекше алғысымызды білдіреміз. Олар лагерь маусымының ашылуына орай мектепке тұрмыста қажетті шаңсорғыштар мен үтіктер және доп сыйға тартты. Бұл сыйлықтар мектеп өмірін ұйымдастыруда үлкен көмек болмақ.

Демеушілердің қолдауымен балалар дәмді балмұздақтан ауыз тиіп, жаздың шуақты күнінде ерекше қуанышқа бөленді. Ал «Лакомка» аспаздық ұжымы балаларды тәтті тоқаштармен қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осыған байланысты мектеп басшысы барлық демеушілерге, серіктестерге және достарымызға балаларға көрсеткен қолдауы, қамқорлығы мен ықыласы үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында балалардың жүзінде қуаныш күлкісі пайда болып, мектеп өмірі одан әрі қызықты әрі жайлы бола түсуде.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және игі істеріңіздің мол болуын тілейміз! Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст