03.09.2026
Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2026-2027 оқу жылынан бастап мектептерде оқушылардың мектеп формасы мен сыртқы келбетіне қойылатын талаптар күшейтілді.
Оқушылардың мектепке келер алдындағы сыртқы келбетіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз: шаш үлгісі ұқыпты болуы, маникюрге, шашты бояуға, сондай-ақ мектеп формасына сәйкес келмейтін шамадан тыс әшекейлер мен бижутерия тағуға жол берілмеуі тиіс.
Мектеп – ең алдымен білім алу, тәрбие және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру ортасы. Оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптар мектепте тәртіпті, іскерлік және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Белгіленген талаптарды сақтауға алдын ала көңіл бөліп, балаларыңыздың ұқыптылық пен тазалық дағдыларын қалыптастыруға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Түсіністік танытып, ынтымақтастық танытқандарыңыз және мектеп талаптарын қолдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Мектеп әкімшілігі.