Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, N 1 арнайы мектеп- интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 " А " сыныбында тәрбиеші Башарова Замзагуль Жанатовна ашық сабаққа дайындық сағатын өткізді.
Пәндер: Қазақ тілі : "Сөйлем."Айналадағы әлем: "Пайдалы және зиянды жануарлар".
Мақсаты мен міндеттері: Дамытушылық: қосымша, түзетушілік тапсырмалар, психикалық процестер (зейін, ойлау, сөйлеу) арқылы оқуға деген қызығушылықтарын дамыту; жұмысқа қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында қозғалыс белсенділігі танымдық белсенділік; балалардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге, белсенділікке, тәртіптілікке, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Түзету – дамытушылық мақсаты: көру зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту; өз әрекеттеріне түсініктеме беру, тапсырманы орындағаны туралы ауызша есеп беру дағдыларын дамыту.
Ашық дайындық сағаты өте жоғары деңгейде өтті.Педагог сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындады. Оқушылардың психо- физиологиялық қабілеттерін ескере отырып, сабақ барысында педагог әртүрлі педагогикалық және методикалық әдістерді қолданды.
Жас педагогқа қызықты және жоғары деңгейде өткен сабағына алғысымызды айта отырып, келешекте творчестволық табыс тілейміз.👍👍👍🔥🔥🔥💯💯💯