Өткен аптада «Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі арқылы білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық дамуы» тақырыбында мектептің педагогикалық кеңесі өтті.
Мұғалімдер жиналысы іскерлік ойын түрінде нәтижелі өтті. Ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс істеудің тиімді әдістері қарастырылып, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды.
Мұғалімдер жиналысы барысында ата-аналар қоғамдастығымен жүргізілетін жұмыс түрлерін бейнелейтін сабақтар, ата-аналар жиналысы, сыныптан тыс іс-шаралар туралы бейнероликтер көрсетілді. Педагогикалық кеңес отбасының, мектептің және жалпы қоғамның алдында тұрған бірқатар мәселелерді тыңдап, талқылай келе, шешім шағрды:
1. Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін анықтайтын бүгінгі педагогикада бар тәрбиенің тәсілдермен және тұжырымдамаларымен таныстыруды семинарлар, сынып жетекшілерін оқыту, дөңгелек үстелдер, кеңестер, конференциялар және т.б.
2.Мектеп веб-сайтында «Отбасы және мектеп» айдарын енгізу.
3. Ашық есік күндерін өткізу.
4. Ата-аналар комитеттерінің жұмысын жандандыру.
5.Сынып жетекшілеріне ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрлерін өткізуде әдістемелік көмек көрсету.
6. «Отбасы және мектеп: диалогтан серіктестікке» отбасылық клубын құру мүмкіндігін қарастыру.
7.Ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлерін енгізу.
8. «Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» моделін әзірлеу үшін жұмыс тобын құру.
9. Сынып жетекшілері мен мұғалімдері ата-аналар жиналысының тақырыптарын анықтау кезінде ата-аналардың пікірін ескеру.
10. Ата-аналарды әртүрлі бағыттағы бірлескен жұмысқа тарту.
Нәтижесінде мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жақсарту мақсатында мұғалімдер кеңесінің шешімдері бірауыздан қабылданып, 3-тоқсанға жоспарлар белгіленді.