Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі туралы әңгіме

07.02.2024

Денсаулық – адамның табиғаттан алған ең қымбат, ең асыл сыйы. Ал сау болу үшін дұрыс тамақтануды білу керек. Дұрыс тамақтану – ұзақ және салауатты өмір сүру құпиясының жартысы.

06.02.2024 жылы 7 «Б» сыныбында ашық сынып сағатында дұрыс тамақтану денсаулық кепілі туралы әңгіме өтті.

"Дұрыс тамақтану дегеніміз не? Тамақ таңдауда қалай және нені ескеру керек? Салауатты тамақтану стандарттарын сақтау керек пе?" – деген сауалдарға және басқа да көптеген сұрақтарға сынып жетекшісі Анна Викторовна Хохлова оқушыларына жауап берді.

Әңгіме пайдалы тағамдар, фаст-фудтың зияны, жемістер мен көкөністердің пайдасы, тамақтану мәдениеті туралы болды.Оқушылар өз бетінше түскі ас мәзірін, соның ішінде диетадағы пайдалы тағамдарды әзірледі, «Learning apps» платформасында викториналық сұрақтарға жауап берді және доктор Неболейкиннің «Зиянды бестік», «Не зиянды және пайдалы» әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Жеміс - жидектерді, көкөністерді неліктен жеу керектігін талқылады.Сондай-ақ балалар чипсылармен тәжірибе жасап, осы өнімнің құрамындағы зиянды және қауіпті заттары туралы білді.

Сабақ соңында оқушылар дұрыс тамақтанудың керемет екеніне тоқталды.Олар дұрыс тамақтану жай ғана тамақтану емес, денсаулығымыздың, сұлулығымыздың және өміріміздің кепілі екенін, дені сау болып, ұзақ та бақытты өмір сүру үшін өмір салтын, тамақтану әдеттерін жақсы жаққа өзгерту ешқашан кеш емес екенін білді!

Просмотров: 280

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст