Көкшетаудың 200 жылдығы аясында мектебімізде осы аптада жалпы мектепішілік байқау – «Қаладағы бір күн» жобасы өтті.Жобаның мақсаты: Отансүйгіштікке, туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілік, өз халқына деген құрмет сезімін тәрбиелеу; оқушылардың туған жерінің тағдыры үшін моральдық жауапкершілігін сезінуге; экологиялық мәдениетті дамыту.
Жобаға жоғары сынып оқушылары қатысты. Айта кету керек, барлық қатысушылар жобаға барлық байыптылықпен және жауапкершілікпен қарады. Қаламыз туралы поэтикалық шығармаларға негізделген бейнероликтер, қалада өткен бір күн туралы презентациялар, өз қаласының көрікті жерлерінің панорамалары сауатты да қатал қазылар алқасының назарына ұсынылды.Барлық шығармашылық жұмыстар Көкшетау қаласына деген сүйіспеншілікке толы.Шығармашылық мектеп оқушыларының актерлік шеберлігін және презентация жасаудағы дарындылығын бағалау қазылар алқасына өте қиын болды.
Шараға жауапты мұғалім Жұматаева Гүлмира Қайыркешқызы қызықты материал, қаламыздың көрікті жерлері туралы бейнеролик және " Назови и расскажи" ойынын дайындады.Балалар «Сен өз жеріңді білесің бе?» викторинасында да өздерінің туған жері туралы жақсы білімдерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар аныөталды:
Гран-приді 5 «Б» сынып оқушысы Смирнягин Эмир лайықты жеңіп алды.
I орын: Тихонов Владимир -5"Г" сынып
I орын:Рейтарова Кристина - 9"Б" сынып
I орын:Непейко Александр -7"В" сынып
II орын: Липилкин Богдан-5"В" сынып
II орын:Раисова Альбина -10"А" сынып
III орын:Жексенова Таира-6"Б" сынып
III орын: Бауыржан Алима-7"Б" сынып
III орын: Шамшиев Асанали-6"А"сынып.
Мектеп басшысы Бурдинская Ольга Владимировна байқаудың барлық қатысушыларына және олардың белсенді азаматтық ұстанымдары мен туған жерге деген сүйіспеншілігі үшін ұстаз-тәлімгерлеріне үлкен алғысын білдіреді.