Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы

01.03.2024

Өткен аптада 6 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Шайхутдинова Ирина Васильевнаның ұйымдастыруымен «Бала тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлі» атты өзекті тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізді.

"Отбасы дегеніміз не? Баланың жеке басының қалыптасуына, оның адамгершілік құндылықтары мен сеніміне отбасы қалай әсер етеді? Балалардың адамгершілік әлеміне кім көбірек жауапты: отбасы ма, әлде мектеп пе?" Осы сұрақтар жиналыстың басты мақсатына айналды.

Жиналыс бір демде өтті. Ата-аналардың пікірлері оң болды. Ата-аналар мейірімділік пен ізгі ниет, өзара сыйластық пен түсіністік атмосферасын сезініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында қатысушылар «Сіз қандай ата-анасыз» тесті бойынша сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық тапсырмаларды шешті. Барлық ата-аналар «Баланы қалай жақсы көру керек» жадынамасын алды.

Жиын соңында ата-аналар осындай форматта ата-аналар жиналысын ұйымдастырған сынып жетекшісіне алғыстарын білдірді.

Просмотров: 132

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст