Ақмола обласы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп -интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №1 г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру

17.08.2022

Білім беру ұйымының атауы:

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, № 1 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Білім беру ұйымының мекенжайы:

Көкшетау қаласы, Юбилей мөлтекауданы, 75

 тел/факс: 8(7162) 77-10-75, 77-56-06;

Электрондық почта: kokc_vsi@mail.ru

 

 

Бос орындарға конкурс жариялайды:

 

 

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы

Апталық жүктемесі

Педагогтардың қажетті саны

Бос лауазымның мерзімі

1

Тігін ісі пәнінің дефектолог мұғалімі (екі тілде)

22 сағат

(1,4 жүктеме)

1

тұрақты

2

Педагог-психолог (екі тілде)

20 сағат

(0,5 жүктеме)

1

тұрақты

 

 

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім. Еңбекке оқыту мұғалімдерінің, педагог-психологтың оқытылатын пәні бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы керек.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының

Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы    Баланың             құқықтары     туралы",         "Қазақстан

Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын     және білім     беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық     актілерін,     педагогиканы, психологияны, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту және тәрбие жұмысы әдістемесін; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық; білім беру мен педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-

175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.08-25.08.2022 ж.

Просмотров: 157

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст